lat: SAQTAL
ет. Ұзақ ұсталу, аман қалу, қалпын жоғалтпау.
Көркемдік-эстетикалық ойлардың дамуы тұтастық пен жалғастық принциптері тұрғысынан дәстүрлі көне заманнан хан дәуіріне дейін сақталып, үзілмей жалғасқаны талданады (Қаз. дала. ойшыл.).
Бидай мен арпа егістері құрғақшылық пен аңызақ желден аман сақталды (М.Ахметов, Егін.).
Өтеміс қажы жазба деректерді пайдаланған емес. ХҮІ ғасырда, Шыңғысхан өмір сүрген дәуірден үш ғасыр өткен соң, қазақ даласында қалыптасқан ауызша тарихи дәстүр бұл шығармада (“Шыңғыс наме”) сол қалпында сақталған (Қаз. дала. ойшыл.).
Табыспайды.
Көңілде тот қалады,
Қазір олар біржола аттанады.
Асыл жанның бейнесі арман болып,
Ұзақ-ұзақ жүректе сақталады.
Қыз жүрегі тықыршып тыным алмай,
Үн қатуға қалайда оқталады (М.Мақатаев, Шығ.).