с ы н. 1. Біреуге бірдеңе бере қоймайтын, қолы тар (адам). Сұрағанда бермеген С а р а ң емей немене; Кісі ақысын көп жеген Арам емей немене (Бұқар жырау). Кеңшілікте жараспаған, Таршылықта бастырмайды маңайын, С а р а ң байдан сұрасаңыз ат майын, Бермес үшін айта берер жоқ жайын (Шешендік сөздер). Арасын ашып көрсетпесе де, Әдиб Ахмед адамды пендеден бөліп алады да, пендені пайдақор, с а р а ң, дүниеқоңыздық сияқты жат қылық иесіне жатқызып, адамды қайырымдылық, жомарттық, адамгершілік, ақылдылықпен теңейді (Қаз. дала. ойшыл.). Әдиб Ахмедтің де, Абайдың да ұғымында – пенде біреуге бірдеңесін тегін бермейтінметін – с а р а ң. Оның табатыны да, мақтанышымы да – малы (Қаз. дала. ойшыл.). Қас екеніңді қабағыңнан танимын, с а р а ң екеніңді табағыңнан танимын (Мақал). Мырза менен с а р а ң д ы Өлшестіріп қарасаң Ылди мен зәулім асқардай. Ғалым менен наданды Салыстырсаң білерсің Дария шіреп тасқандай (Базар жырау, Шығ.). 2. Құнарсыз, қуаң, берекесіз. Содан бері байға мырза, кедейге с а р а ң құтсыз даладан бір түйір түсім кездестіре алмай Бұланбайдай жігіт қаңтарылып қалып еді (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке). Таудың күзі с а р а ң емес, таудың күзі жомарт күз, Асықтырма, уақыт, мені арманыма қол артқыз (Т.Молдағалиев, Шақырады.). 3. а у ы с. Сирек, аз берілетін, көп кезіктірмейтін. Сұр өмір с а р а ң алданыштарын сыпырып алды қолымнан. Көкірегіме шер толып, Тектім, айта алмай аузым мұңды әнді, Өкініштен Мен өртеніп кеттім, ішімде сұп-сұр күл қалды (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә). Сылқым уақыт сауырын Сипатпайды, бауырым! Сондай жомарт адамға Сондай с а р а ң дәуірің! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). Не болды екен, тағдырдың көзі өткен бе? Шіркін өмір, с а р а ң-ау өжеттерге. Қайда сол бір достыққа ғашық адам, Жырын неге бермейді газеттерге (М.Шаханов, Ғасырлар).