lat: SARJA
зат. көне. Сүйекпен әшекейленген әдемі, үлкен садақ; жақтың үлкені.
Жиырма жылғы ақысына бай қойшыға бір саржа мен бір құнан шығар ат береді (Қаз. ертег.).
Тастан өткен жебесін
Толғап-толғап қолға алды
Саржаға оғын кереді
Қозы жаурын көктеме оқ
Ұзындығы кез еді (Төрехан Шынтасұлы // Ақсауыт).
Шешініп саймандарын, түсіп аттан,
Бар еді бір саржасы бес жүз батпан.
Оғының он бір батпан ауырлығы,
Сыйлау ғып
Шаш патшасы әкеп тартқан (Т.Ізтілеуов, Рүстем.).
Екі жақта айқасып,
Ұрыстың болды ұлысы.
Қатар-қатар тұрысып,
Саржаның тартты кірісін (Қашаған // Ақберен).
2. ауыс. Осы садақтың оғы.
Ақыр аяғы жүз бірінші саржаны атқан кезде үкінің жүрегіне дариды (М.Қаратаев, Дала.).
Нысанаға іліктіре алмай жүрген Хап мергеннің дәлдеп тартқан саржасы батырдың көзінен қадалыпты, екінші оқ өкпеден өтіпті (Ғ.Сланов, Дөң асқан).
Көнбісті үшін саржаның,
Сол уға патша малдырды.
Зарлатып қоңсы, жан-жағын,
Боратып ажал жаудырды (Ң.Шаңғытбаев, Аққу әні).