lat: SARY
сын. 1. Піскен егіннің немесе алтынның түсіндей түс.
Қыз жалаңбас, үстінде жағасыз сары көйлегі бар (С. Ерубаев, Менің ңұрдас.).
Әсіресе сары, ақ, қызыл гүлдердің үлкен шоғы бірден назар аударады (М.Иманжанов, Көк белес).
2. Ақ және сары нәсілді адамдар арасында кездесетін терінің ақшыл өңінің түрі.
Аласа бойлы, көк көз, сары жігіт шатырдан жүгіре шықты (Қ.Жұмаділов, Қаздар.).
Өлеңімен жұбатты өзін-өзі
Еңбегі еш, іші беріш, жүзі сары.
Сөзін ұғып, ақылын алмаған соң,
Патша қойса не керек қазақ шары. (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
3. Ақыл, парасаттың, кейде уайым, қайғының символы болып есептелетін, символдық мәні бар түс.
Қазақ әрбір түс әртүрлі табиғаттың, болмыстың символы деп ойлаған. Мысалы: көк түс – аспан; қызыл түс – күннің көзі, от; ақ түс – ақиқат, бақыт, қуаныш; қара түс – жер; жасыл түс – жастық, көктем, жомарттық; сары түс – ақыл, парасат, ой (қазақтың кейбір өлкесінде сары түс – уайым, қайғы, мұң). (С.Қасиманов// Тасаты. кілем. «Қаз.әдеб.»).
Сағанақтың сары болатыны символикалық мәнге ұласады («Қаз. әдеб.»).
// Сары өңді адам.
Бүл кішкене сарының бойында бір-ақ мін бар: сабаққа самарқау (3.Қабдолов, Өмір.).
Ол мына жарбиған сарының бір ауыз сөзіне түсінген жоқ (А.Сүлейменов, Бесін).
– Сережа барғысы келсе, бара берсін. Мен ешқайда да бармаймын, – деді көк көз сары (Ә. Жылқышиев, Мешін.).
// Сары нәсілді адам.
Олар үшеу еді. Президентке оқ атпаған.
Үшеуі де ақ нәсіл. Ақ атты адам.
Алайда олар қараға, сарыға да
Адамдық аянышты жоғалтпаған(М. Мақатаев, Шығ.).
// Сары түсті ат.
Мінгенім астымдағы сары деймін,
Келген қыз жиырма беске кәрі деймін.
Сұрасаң кәрі қыздың қалың малын
Ақтаған жалғыз аяқ тары деймін (Қара өлең).
// Алтын сияқты бағалы метал.
Бұл күнде бағландықтың керегі жоқ,
Қалайда ғаріпшілік көргіл тезін!
Наданға оқымаған – бәрі бір өң,
Сарының сарап білед алтын, жезін (О. Шораяқов// Шайыр. 33 б.).