САТУРНИЗМ

lat: SATÝRNIZM

[лат. saturnus]. зат. экол. Адамдардың қорғасынмен созылмалы улануы.

Сатурнизм жүйке жүйесі тарапындағы өзгерістерден, бастың ауруынан, тез шаршағыштықтан, жүріс-тұрыстың бұзылуынан, жадтың нашарлауынан, сөздің, көру және есту функцияларының бұзылуынан, қан құрамының өзгеруінен, жүрек-қан тамыр жүйесінің кінәратынан және басқа нышандардан көрінеді (Қаз. тілі термин. Экология).