lat: SEBEBİ
шыл. Өйткені, олай болғаны деген мағынаны білдіретін жалғаулық мәнді көмекші сөз.
«Діндегі қайшылықтар - ол Алланың мәрхабаты» деген хадисіне жүгінсек болады, себебі әр адамның жаратылу табиғаты әртүрлі. Бір адамға қаттырақ пәтуа ұнайды. Енді біреу жұмсағырақ болса екен дейді («Рахмет самалы»).
Бiздiң табиғатшылдар қоршаған ортаны қорғауға қатысты шаруаның ешқайсысынан сырт қала алмайды, себебi экологиялық ахуал барған сайын ушығып барады («Ана тілі»).
Қазақта пейілі дархан даладай кең, ниеті ақ, қайырымды, мейірімді, асыл қасиеттерді бойына жиған адамды «үлкен жүректі» дейді. Ол сөз тегін айтылмаса керек-ті. Себебі бір адамның бойында осыншама қасиеттердің болуының өзі – ерекшелік («Жас Қазақ Үні»)