СЕБЕПСІЗ

lat: SEBEPSİZ

сын. Ешбір негізсіз, жайдан-жай, дәлелсіз.

Себепсіз көп күлетін жеңіл күлкісі де пышақ кескендей тиылды (Ө.Тұрманжанов, Адам.).

Ол мені орынсыз, себепсіз мазалағандығы үшін қысылатын секілді (Д.Исабеков, Қара шаңырақ).

Біреулер ешбір себепсіз сменаға шықпай қалады (А.Жақсыбаев, Егес).

Сағынышты көңілім болды алаң,

Саған жетпес болса да қандай бағлан.

Малсыз, бақсыз, себепсізсіздің дертін,

Бұған шипа, япырмау, қайдан табам? (Ә. Найманбаев, Шығ.)