lat: SEGİZKÓZ
зат. 1. Белдің төменгі тұсы мен жамбас сүйектерінің жалғасқан аралығы.
Өкпесі ауыра ма, бүйірі шаныша ма, сегізкөзі сырқырай ма, әйтеуір бұлдыратып барады (Т.Ахтанов, Дала сыры).
Ойбай, белім-ау, сегізкөзім сіресіп қозғалтпай қалғанын карашы (Қ.Жұмаділов, Соңғы.).
Сегізкөзден мертігіп, оң жамбасы сынған (М.Хасенов, Нартәуекел).
2. анат. <лат. sасrum> Құйымшақ омыртқаларының бір-бірімен сүйектене байланысуы нәтижесінде түзілген сүйек.
Сегізкөзді құрайтын омыртқалардың саны әр түрлі жануарларда түрліше болады (Қаз. тілі термин. Биология).
Сегізкөз бел және құйрық омыртқаларының аралығында орналасып, омыртқа бағанын құрайды. Сегізкөздің қан тамырлары мен жұлын жүйкелері шығатын тесіктері болады (Қаз. тілі термин. Биология).