lat: SEIİL
зат. Бой жазып, көңіл көтеретін серуен.
Қырдағы сейілден қайтқан екі жас қаладағы құрбы-құрдас, ағайын-туысқан ортасына қайта келді (М.Әуезов, Қараш.).
Сейілде қырық кісімен ханым жүрсе
Алдынан қара-қарсы кездей кепті (Батырлар жыры).
Сейілде қой жайған бай сізді көрдік,
Жасың үлкен екенсің, сәлем бердік (Батырлар жыры).
Дайра Байсалов осындай селкеулі сейілдің үстінен түскенде күн төске тармасып қалған еді (Т.Әлімқұлов, Шежіре.).