СЕЙІЛ

lat: SEIİL

ет. 1. Бір нәрсенің көлемі я саны азаю, саябырлап басылу.

Таң ата тауды бүркеген бұлт сейілді (Д.Досжанов, Зауал.).

Жұрт сейіле берген кезде кабинетке Досжан кіріп келді (А.Байтанаев, Жаңғыр.).

Ең сонғы снаряд атылып,

Сейілді көк түтін, қапырық,

Басылды соғыстың дауылы.

Рейхстаг тасына жазылды көп есім (Т.Бердияров, Ескі.).

Күзгі түн.

Тұман сейілді. Өлген жоқ

Арман, қан ақты.

Осы бір жандай мейірлі

Арайлап жаңа таң атты (М. Мақатаев, Шығ.).

2. ауыс. Айығу, тарқау, тазару.

Өзі айтқандай, қой ішіне кірген соң уайым-қайғыдан да сейіліп, белін бекем буып алған (Р.Сармурзин, Мейірім).

Сағыновтың бойы жеңілгендей, ұзақ жылдар бойы еңсесін басып, есін алып келген үрейден сейіліп, жаны рақат тапты (М.Дүзенов, Ақәже).

Дастарқан басындағы азғантай көңілсіздік ұзамай сейіліп кетті (Т.Әбдіков, Күз.).