СЕЯЛКА

lat: SEIaLKA

зат. Жерге тұқым себу қызметін атқаратын, ауыл шаруашылық машинасы.

Сонау сеялка сол жердің соңғы гектарына тұқым сеуіп жүр (Б.Тоқтаров, Қыран.).

Міне бір жерде жүгері сеялкалары тіркелген «Беларусь» кетіп барады (Е.Салихов, Алақан).

Әрбір сеялкада тұқым себетін бір-екі жәшік, тыңайтқыш шашатын аппараты болады (ҚСЭ).