СЕКУНД

lat: SEKÝND

зат. Минуттың алпыстан бір бөлігіне тең уақыт өлшемі.

Стратегиялық ракеталарды ату үшін бірнеше секунд қана керек (Ө.Қанахин, Өз ақылы.).

Майданда секундтың өзі кейде бір түйінді шешеді (С.Сарғасқаев, Көңілді бала.).

Бір сағатта 60 минут болса, ал минуттың өзі секундтар деп аталатын тағы да тең 60 бөлікке бөлінеді («Лен. жас»).

Айналам еңбек қайнаған,

Қаласам барып аулыма,

Жылқышы болам, қой бағам.

Ақ саусақ болуды ойламан!

Қаласам осынау заманның,

Бұлбұлы болам сайраған.

Заводта жұмысшы адамның

Секунды болып айналам (М. Мақатаев, Шығ.).