СЕКУНДАНТ

lat: SEKÝNDANT

зат. Кейбір еуропалық елдерде, Ресейде ХІХ-ХХ ғасырларға дейін аксүйектер арасында орын алған екі ер адам арасындағы дау-дамайды шешудің жолы ретіндегі жекпе-жекке қатысушылардың әрқайсысының жанында болатын төрешісі, куә.

1837 жылдың 27 январында сағат 4 шамасында секунданты Дантеспен бірге, өздерін есік алдында күтіп тұрған шанаға отырған (Ә.Нұрмаханова, Шығыс.).

Секунданттар жүр алда,

Өлшеп жерді қадаммен.

Ақын терең қиялда,

Сырласқандай алаңмен (С.Машақов, Жылдар.).

Лермонтовтың осы жекпе-жекте өлгеніне дауласпайсыз, себебі екі жағының да секунданттары болған («Қаз. әдеб.»).