lat: SEKİRÝ
Секір етістігінің қимыл атауы.
«Шолпан» колхозынан келгендердің бірі – Дарқан секіру мен жүгіруден бірінші жүлде алды (Р.Райымқұлов, Жасыл.).
Оқушылар алдарындағы арықтан секіру арқылы өтті («Лен. жас.»).
Көкке тойып ыңқылдап, тұсаулы аттар секіруге шамалары жоқ сілейіп тұр (А.Тоқмағамбетов, Әке мен бала).
Жас жолбарыстың аяқтарындай, аяқ қолдары сомдала біткен. Жалпы қимылында, дене бітімінде секіруге дайындалған жолбарыс тәрізді бір қауіпті сұс бар (І.Есенберлин, Алмас қылыш).