СЕКРЕЦИЯ

lat: SEKREQIaÁ

[лат. secretio]зат. 1.геол. Тасшемен, тау жыныстарындағы қуыстардың кристалдық немесе коллоидтық заттармен толуынан қалыптасқан қоспа.

Секрецияның орт. бөліктерінде талшықты агрегаттар, кішігірім қуыстарда друза түріндегі кристалдар, іркінді түзілімдер байқалады (ҚҰЭ).

Секреция көбіне мұражайлар үшін бағалы коллекц. материал болып табылады (ҚҰЭ).

2. биол. Ағазадағы бөліндінің бөліну күрделі үдерісі.

Секреция бес кезеңнен тұрады: 1) бөліндіні түзуге керекті заттардың қан тамырлары арқылы тасымалданып, гландулоциттерге сіңірілуі; 2) гландулоциттерде сіңірілген заттардан секреттің түзілуі; т.б. (Қаз. тілі термин. Биология)..