lat: SEKRETAR
зат. 1. Хатшы (мекеменің не ұйымның күнбе-күнгі істерін басқарып отыратын жауапты басшысы).
КПСС Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А. Қонаев жолдастың айтқанындай, бұдан 20 жыл бұрын «тыңдағының бәрі де тұңғыш нәрсе» болды (Ө.Шеденов.., Бүгінгі.).
Партком секретары Бижамал, совхоз директоры Қанат, Бекарыс және бірсыпыра кісілер Қабекеңді күтіп отыр еді (3.Жәкенов, Таң самалы).
Аудандық комсомол комитетінің секретары Жолдыбаев тап осындай кісі болып шықты (Б.Соқпақбаев, Қайдасың.).
2. Жеке адамның не белгілі бір ұйымнық іс жұмыстарын жүргізетін қызметкер.
Жазба жұмысын секретарға тапсырып, Орынғали сыртқа шықты (М.Дүйсенов, Мейман.).
Осы шақта алдыңғы бөлмеде отырған секретарь есікті ашып, директордың бөлмесіне кірді (Ұ.Бағаев, Жан.).
Мен алты айдай сол кісінің өз секретары болып істедім (Н.Әбуталиев, Құрдас.).
3. Жиналыстың протоколын жүргізетін адам, хатшы.
Бүгінгі жалпы жиналыстың секретары болып Айсариев бекітілді («Лен. жас»).