СЕЛДІРЕ

lat: SELDİRE

ет. Жиілігі сиреу, сұйылу, азаю.

Тераңғыл тым жиі егілсе, ұзартып, бойлап, жапырағы селдіреп, сидалана береді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Үстінде өрім-өрім болған соң әр жерінен бір түйіп қойған ескі көйлек, сыртынан тозығы жетіп тулаққа айналған қысқа тон, басында селдіреген көне бөкебайдың жұрнағы (Б.Майлин, Шығ.).

Үш аттан жегілген үш машина күзгі селдіреген бидайықты желе жортып жосылтып жүр (Ғ.Мүсірепов, Оянған өлке).