СЕЛО

lat: SELO

ор. зат. Ауылды жердегі елді мекен.

Көптеген қала мен село жаудан азат болды (Ж.Тілеков, От кешу).

Бірақ, темір жол ғана тура жүреді, ат жолы көлденеңден Арханский аталатын селоға соғады (С.Мұқанов, Өмір мектебі).

Сонымен қысқарта айтқанда, алты тәулік поезбен, бір тәулік машинамен жол шегіп, сегізінше күн дегенде, өзіміздің таныс селоға келіп жеттік (Н.Ғабдуллин, Өмір қымбатсың маған).