lat: SEMİZSHE
үст. Етженділеу келген, толықша.
Бұның сөзін қазақшалап тұрған қысық көз, шолақ мұрын, толық денелі, семізше тілмаш екі аяғынан тік тұр (М.Әуезов, Абай).
Айназар таныстырды. Онысы, шынында, бір орта бойлы, семізше, аққұба, мыртықтау, секпілдеу, суыр аяқ, сүйір қолдау, бақа тамақ, бақа бойлылау әйел еді (С.Сейфуллин, Шығ.).
Акробатикалық номер көрсеткен семізше келіншектің сахнаға шығуы қатты әсер қалдырды (Ж.Молдағалиев, Тыңда.).