lat: SEMAFOR
[грек. sema – белгі, phoros – алып жүруз] зат. Темір жолдың бос я бос емес екендігін маишнистке білдіріп тұратын сигнал.
Ей, кім анда, кет былай,
Семафорға соқтықпа!
Түксибтің табаны
Таймақ емес, қорқытпа (Қ.Аманжолов, Шығ.).
– Паравоз кез келген жерге тоқтай бермейді, – деді ол Розаға түсіндіріп, – темір жолдың бойында ұзын темір бағана болады. Оны семафор дейді. Оның ең басында қозғалып тұратын қанаты болады. Егер семафордың қанаты жоғары көтеріліп тұрса, жол ашық (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен).
Шартарапқа шарықтап,
Жан-жақ бронепоезға
Ашады қызыл семафор (Жамбыл, Шығ.).