lat: SEMENT
зат. 1. Майда үгінді түрінде әзірленген, су қосып араластырғанда тұтқыр жабысқақ қоспа болып шығатын құрылыс материалы.
Бұл үйдің құрылысына Гусельников өз қалтасынан тиын шығарған жоқ, шахта өз қорынан бөліп, ағаш берді, цемент берді (Ш.Мұртазаев, Интернат.).
Ол сонау цемент тасып, құм елеп жатқандарға бетін бұрып, ойлы үнмен өлеңді бастай берді (Б.Қойшыбаев, Алтын.).
Совхоз тарапынан кемшілік: құрылыс объектісіне керекті ағаш, цемент, кірпіш, транспортпен уақтылы қамтамасыз етіп тұрмады («Лен. жас»).
2. экол. Құрылыс өнеркәсібінде қолданылатын стандартты материал [Құны төмен және жұмысқа қолайлы болғандықтан, радиоактивті қалдықтарға қатысты жұмыстарда көп қолданылады. Қалдықтарды тікелей цементпен араластырып, қатайтып алуға болады. Цементті қоспалар мен құралатын қатты өнімнің қасиеттерін қоспалар қосып едәуір өзгертуге болады. Толтырғышы (әдетте ұсақ тас) болса және толтырғышсыз болатын түрдегі қоспа не түпкі өнім бетон деп аталады].
3.хим. Кальций силикаттары, алюминаттары немесе фериттері негізіндегі байланыстырғыш материал.
Цементтің сортына қарай құрамындағы оксидтердің мөлшері, қарым-қатынасы әртүрлі болады (Қаз. тілі термин. Химия).