СЕМСЕР

lat: SEMSER

зат. 1. этн. Болаттан істелген екі жүзді өткір қайшы, қылыш; қару.

Музейде қанжар, семсер және қылыш бар (М.Әуезов, Индия очерк.).

Төлеген сонда сөйледі,

Сөйлегенде бүй деді:

«Алтын балдақ ақ семсер,

Саған арнап соқтырып,

Салып қойдым қынапқа,

Аш беліңе ілгейсің» (Қыз жібек).

Әліби мен Аманкелді сарбаздарының семсерлері күнге шағылысты («Білім жөне еңбек»).

2. спорт. Фехтованиеде қолданылатын ұзынша келген үшкір қару, шпага.