lat: SENİMDİ
сын. 1. Сөзге тұрақты, іске берік, сенім артуға болатын.
Менің айтқан, ай, Аплақ, ал тілімді
Сені менен менен бұл көп білімді.
Мұның аты Мұхаммед-Амин болсын,
Сендер мұны адам деп біл сенімді (Мәжһүр-Жүсіп).
Ояздың тілмашы Жарасбайдың қаладағы жең ұшынан жалғасатын нық сенімді тірегі Тоқбаев дейтін болатын (М.Әуезов, Қараш-қараш.).
Заман шындығын қандай батылдықпен, қандай сүйіспеншілікпен, қандай әділдікпен көрсету жолында «Тынық Дон» қандай жазушыға болса да аса сенімді үлгі (Ғ.Мүсірепов, Суреткер парызы.).
2. ауыс. Беделді, өтімді.
Өз еліме айтамын: «Бергенім жоқ – деп белімді»,
Мақтанамын кісімсіп, оязға сөзім сенімді (Абай, Тол. ЖИН.).