lat: SEN
есім. Екінші жақтағы жіктеу есімдігі.
Дәрмен, сен шабытыңды ірке тұр (М.Әуезов, Абай жолы).
Жорықта менің жолдасым,
Сесің менің қанатым.
Аллаға сені тапсырдым,
Кер тұлпарым, Ғиратым (Бат. жыры).
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан! (Абай, Шығ. жин.).