lat: SEN
ет. 1. Біреуге, бір нәрсеге илану, нану.
Тілеуіне енді осының сенелік деп Тілеуін бізде мұның тілелік – деп үш қыз қалмай соңынан ере жүрді (Бат. жыры).
Жігіттер, қор да емеспін, кедей де емен,
Кемдік көрген жерім жоқ ештемеден.
Құдай жолын біле алмай, қу билеген
Елден басқа қайғым жоқ, мұныма сен (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
2. Сенім арту.
Көзге сеніп, ойға сенбей
Жанды жоқ деп қаңғырып,
Адасып жүр ақты көрмей,
Көңілі соқыр көп надан (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).
Бір малшы көлеңкеге келіп жатып,
Қасқырдан иттеріне сеніп жатып,
Үстінде көк шалғынның, самал жерде
Тырайып қалды сабаз ұйықтап қатып (А.Байтұрсынов, Шығ.).