СЕНДІРУ

lat: SENDİRÝ

Сендір етістігінің қимыл атауы.

Сырқатты сендіру арқылы да жазатын ғылым әдісі бар ғой (С.Мұқанов, Алып. адым.).

Сізді сендіру үшін мен сайдан қарулар мен патрондарды осында әкелейін (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).

Зәуеде бабаларымыздың бірі тіріліп келе қалса мына Сапекеңді 80-де деп, сенің ұрпағың деп сендіру қандай қиын (Ғ.Мұстафин, Ой әуендері).