lat: SENZÝRA
зат. 1. Баспасөзге дайындаған, сахнаға қоюға әзірлеген шығармаларға бақылау жасайтын орын.
Бұрын «Айқап» журналында Мұхаметжан патша өкіметінің цензурасынан именіп, көп мәселелерді қозғай алмайтын еді (Б.Кенжебаев, Қаз. дем. жазушы.).
Губернатор қолында жандармериядан, цензура управлениесінен мәліметтер болатын (Д.Әбілев, Ақын.).
2. заң. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын және материалдарын мемлекеттік органдармен, лауазымды адамдармен және өзге де ұйымдармен олардың талап етуі бойынша немесе өзге де негіздер бойынша хабарлар мен материалдарды не олардың жекелеген бөліктерін таратуды шектеу немесе оларға тыйым салу мақсатымен алдын ала келісу.
Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады (ҚР Конституциясы).