lat: SERÝENDEÝ
қ. атау. Серуендеу.
Ауылым көшіп қонды
Кермен көлге,
Кермен көл кемісті екен серуендеуге.
Қайғының бұлты ыдырап жазылады
Қалқатай, уәдеңді берген жерде (Б.Майлин, Шығ.).
Доскей пенсияға шыққалы ерте тұрып, таза ауада серуендеуді әдетіне айналдырды (Е.Оразақов, Қайта соқ.).
Атқұмар Шоқан салт серуендеуге шықты (С.Мұқанов, Аққан жұлдыз).