СЕРІППЕЛІ

lat: SERİPPELİ

сын. Серіппесі бар, серіппе орнатылған.

Жатып тынығамын десе, аң жамылғы төселген, серіппелі, жұмсақ кереует бар (Ж.Ертілесов, Туған жер.).

Бір күні Сұңқарбек өзінің бір серіппелі қол қақпанымен қоян ұстап әкелді (Ж.Тұрлыбаев, Аңшы.).

Жатақ бөлмелерде, сегіз кроваттан, бәрінің де төсегі серіппелі жұмсақ (С.Мұқанов, Алып шың адамдары.).

Таңертең ертемен қосын жүруге ыңғайланып аттанып жатқанда, түнде Танабай үйінде иығына оқ тиіп жаралы болған командир Қырым ұлы Танабайдың серіппелі былқылдақ арбасына отырды (С.Сейфуллин, Шығ.).

Мінекиіңіз! деді, алтын пацигардың серіппелі тожасын тарс еткізіп, ұзын цигардың бірін асқан сыпайылықпен Қасенге ұсынған жағылар (А.Жүнісов, Өмір ізі.).