ЦЕРЕМОНИАЛ

lat: SEREMONIAL

зат. Белгілі бір шараны салтанатты түрде өткізудің ресми тәртібі.

Жапон империясының тізе бүгуі туралы мемлекеттер аралық актке қол қойылатын ресми церемониалға майдандық газеттерден ешкім қатынастырылмайтын шығар (Ж.Тілеков, Хинган асуы).

Бұл үйшікте баяғыда сегунға келген феодалдар шай ішеді екен. Шай ішу церемониалы бір сағаттан астамға созылды (Ә.Кекілбаев, Тырау.).