СЕРЕНАДА

lat: SERENADA

[франқ. serenade] зат. муз. Ғашығына жолығуға ынтазарлық білдіріп, кездесуге шақыратын кешкі лирикалық ән.

Серенаданың құрылыс қалпында қатаң сақталатын белгілер жоқ, кейін махаббат сезімін жасырып айту әдеті де сақталмаған.

Серенада лирикалық әндер жанрына жатады (Қ.Қуатбаев, Қысқаша муз. сөздік.).

Серенада Испания мен Италияда кеңінен тараған халық әні (Н.Тифтикиди, Муз. жанрлары.).