lat: SERPİMDİLİK
зат. физ. Сыртқы күш әсері тоқтаған кезде денелердің пішіні мен өлшемдерінің бастапқы қалпына оралуын көрсететін сипаттама; серпілмелі қасиеті барлық.
Коррозия нәтижесінде металдардың мықтылығы және серпімділігі жойылады (Қ.Нұрымбетов, Метал.).
Клетканың қабықшасын қанша бүктесе де, ол біраздан соң бұрынғы қалпына қайтадан келеді, мұны серпімділік дейді (Т.Мұсақұлов, Ботаника).
Теңге ілу – спортшыдан икемділікті, серпімділікті, атқа мығым отыруды керек етеді (Ә.Бүркітбаев, Қаз. ат спорты).