lat: SERPİNDİ
сын. Қарқынды, үдемелі.
Республика халық шаруашылығының серпінді дамуы күрделі құрылыстың арқасында қамтамасыз етіледі («Қаз. әдеб.»).
Шашасы тақыр, тірсегі сіңірлі, кеудесі жоғары жылқы ұзаққа сілтейді, серпінді келеді (С.Бақбергенов, Қарға там.).
Жас дененің мол күші бес саусаққа жиналғандай, серпінді қағыс арындай түсті (Н.Сералиев, Қаңтар).