lat: SERPİNDE
ет. Серпе тарту, желдірмелету.
Құндызбайдың сол қолының саусақтары перне үстінде жорғалап, оң қолы орағыта серпіндейді (Ә.Сәрсенбаев, Офиқер.).
Секеңдеп аңдып басқан сергек саусақ,
Серпіндеп күй шалқытқан шекті шалса-ақ.
Тапқан жан тәніне азық терең күйден,
Жатқандай жаны жусап, жүрегі аңсап (Т.Жароков, Шығ. жин.).
2. ауыс. Екпіндеу.
Өзіңді-өзің дәстерлеме,
Семіз сөзбен серпіндеп.
Жат көресін елді неге
Ойыңнан кім серпелмек (С.Бегалин, Баллада.).