lat: SEZÝ
Сез етістігінің қимыл атауы.
Мұндайда кенет басқа түскен бақытсыздықты, ел басына туған қауіп-қатерді терең түсіну, сезу зор қасиет екен ғой (Р.Хайруллин, Офицер.).
Алқынған Жанай боранның ызғарын сезуден қалды (С.Мұратбеков, Көкорай).
Қара аю мен түлкі бұққан мына сайлы өлкеде
Жалғыз емес екеніңді сезу қандай мәртебе (М. Шаханов, Ғасыр.).