lat: SEZİNÝ
Сезін етістігінің қимыл атауы.
Шыншылдық өмір тәжірибесінен, соны терең сезінуден, ойланудан туады (С.Қирабаев, Октябрь.).
Бұл жерде әңгіме ұлтшылдықты өз елінің азаматы екенін сезіну, ел тағдырына патриоттық көзқараста қарау ұғымымен астастыру жөнінде болып отыр («Жас Алаш»).
Иә, қарттар бар арғымағы арманнан,
Жігерімен дүр сілкінткен даланы.
Сұлулықты сезінуден қалған жан
Бәрінен де қалады (М. Шаханов, Ғасыр.).