ШӘЙІР

lat: SHÁIİR

зат. сөйл. Шайыр.

Ата жауың шалықтаса сол жаман.

Өшігуден жалықпаса сол жаман.

Шыбын жаны шырқыраған жері үшін

Шәйірлерін елі ұқпаса сол жаман (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Львовқа үлгіргем жоқ қонып та әлі,

Келемін шәйірлермен жолыққалы.

Қаланған қара тастар тар көшеде

Жүгері дәндеріндей собықтағы (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).

Сары шөлде, далада өтіп сан күні,

Ғазал жазған, жаны сірі не деген!

-Азияда Сағди  шәйір қаңғыды,

Тірісінде ешкім ұлы демеген (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә.).