ШӘЙ

lat: SHÁI

зат. сөйл. Шай.

Мана Әбен байдың үйінде қонақтар көк дастарханды жағалай отырып, шәйға бас қойды ғой, дәл со кезде Қойтеке түйеге жөнелген еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Дүниеден мың жасасақ кетер күні,

Болмаймыз шәй ішкендей әбден қанып.

Баршаңыз өлмей тұрып ғибрат қыл,

Болғанда тумақ сүннәт, өлім анық! (Қабан жырау, Алтын қазық).

Есімде: тау өзені тулағаны,

Тоғайларда құстардың тұнған әні,

Көлбеген көк мұхиттан төмен қарай,

Сорғалап үш қыранның зулағаны.

Дегендейін "шәй даяр, жүр, қарағым"

Кемтар Ана мен жаққа бір қарады.

Қолыменен жер тіреп, үйге қарай,

Ақырын артыменен сырғанады (М.Мақатаев, Шығ.).