ШӨМІШ

lat: SHÓMİSH

зат. 1. Ас құятын үлкен ожау.

Жазғытұрым әуел бұлт күркірегенде, қатындар шөмішімен үйдің сыртынан ұрып, “Сүт көп, көмір аз” деген секілді. Бұған ұқсаған көп еді, құдайға шүкір, бұл күнде жоғалып бара жатқанға ұқсайды (Абай, Тол. жин.).

Әжей қазан толы сүтті қара шөмішпен сарқырата сапырып тұр екен (Ж. Тұрлыбаев, Аңшы.).

Мұрны кертеш, иегі кемиек бет-аузы құдды шөміш, мойны ішіне кірген (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. тех. Экскаватор сияқты мәшинелердің жер қазуда, жүк тиеуде пайдаланылатын тетігі.

Ал экскаватормен үйме жасағанда шөмішпен көсіп алу және оны төгу кезінде мейлінше көп шаң бөлінеді (Т.Қалыбеков, Экология және ашық кен.).

Көз ұшынан қатпарланып кен қойнауы көрінеді, адымдағыш экскаваторлар сортаң жердің қалың шөбін жапыра тістеп болып басын маңғаз көтеріп алатын дала аруанасындай шөміштерін ұзақ көсіп, ышқына көтереді (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).

3. металлург. Балқыған металл, штейн не қожды бөліп құюға, тасымалдауға, қысқа мерзімге сақтауға арналған болат не шойын ыдыс.

Ыстық металдың бүлдіргіштік әсерінен қорғау мақсатында шөміш қорабының ішкі беті отқа төзімді кірпішпен не конвертерлік қожбен қапталады (ҚҰЭ).

Шөмiш тeмipдeн құйылғaн ыдыc;бopпылдaқ тayжыныcтapды, мыс, aлтынды құмдapды шaймaлaй oтыpып, тұпшaймaлap (тayжыныc құpaмындaғы ayыp түйipшiктep) aлyғa қoлдaнылaды (Қаз. тілі термин. Геология).