ШӨПТЕСІН

lat: SHÓPTESİN

с ы н. 1. Шөбі қалыңдау өскен ер). Немене, қоя беріңізші! деп бұлқынғанына қараған жоқ, аш белінен құшақтай алып, бір ш ө п т е с і н шұқырға түсті ((Ж.Аймауытов, Шығ.). Аумағы алты қанат кигіз үйдің орнындай ш ө п т е с і н жерге екеуін ортаға ала отырды (С. Омаров, Өмір асу.). Екі боз ш ө п т е с і н сүрлеумен тоқтамастан сыдыртып өте шықты (Б. Аманшин, Көкжар). Енді аздан соң тастақ жер бітіп, ш ө п т е с і н беткей басталды (С. Байжанов, Сұңқар.). 2. Шөп тектес (өсімдіктер). Шөптесін өсімдіктердің тамыры қаланың көшелеріндегі асфальт қабатын оп-оңай тесіп шығады (К. Сапарбайұлы, Геология және гидрогеология негіз.). Сарғалдақтар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік түрлерінде өте күшті улы алкалоидтар бар (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдіктер).