ШІРКЕУ

lat: SHİRKEÝ

зат. діни. Христиан діни ғұрыптары мен ғибадаттарын атқаруға арналған ғимарат.

Жиырма төрт шақырым екен шамасында,

Шіркеу қанша көп екен жағасында.

Жұртқа таныс бір терең теңіз екен,

Рие шаһары мен һамадан арасында (Мәшһүр-Жүсіп. Павлодар).

Қалада тастан, ағаштан салынған биік қабат-қабат үйлер, көшелер, дүкендер, үлкен школдар, мешіттер, шіркеулер бар (М.Дулатов, Шығ.).

Қаңырап қалған шіркеуді

Шайтан-мазарат жайлайды (Маржан сөз).

Христиан дінінің көпғасырлық даму тарихында әр халықта әр алуан шіркеу түрлері қалыптасқан (ҚҰЭ).