ШАҒЫН

lat: SHAǴYN

ет. Біреуге мұң-мұқтажын айтып шағымдану.

Ханнан, Қарауылқожадан, төрелерден, хандықтардан жәбір-жапа көргендердің бәрі Исатайға келіп шағынатын болды (Х.Досмұхамедұлы, Шығ.).

Жалынар да, шағынар да бір пенде жоқ. Егіліп жылайды (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).

Мұны өзіңізден естіп отырмын. Ақы алмадым деп шағынып келген адам жоқ (X. Еоенжанов, Көп жыл.).

Бар, бар... Шағын тағы да... Қорқытар кезің өткен-ді (Ә.Сәрсенбаев, Теңіз.).