ШАБУ

lat: SHABÝ

зат. Киімнің етегіне, қолтығына, ауына үшкілдеп қиып салынатын қиықша.

Апасының көйлекке пішіп қойған шабуын қуыршағына киім қылам деп, қиып тастап, апасынан таяқ жер еді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Мұрынды сіңбіріп, қара қамзолының шабуына сүртті де, шыныларды сыңғырлатып, бір-бір су жалатты (I.Жансүгіров, Шығ.).

Маша көйлектің шабу етегіндегі тілмешегін көру үшін айнаның алдында қырындады («Лен. жас»).