ШАБУ

lat: SHABÝ

Шап етістігінің қимыл атауы; талау, тонау, ұрлау.

Разбойник, талау, шабу тоқталыпты, жел тынды, күн басылды дегендейін (Шәкәрім, Өлеңд.).

Көше солдат. Шабу. Айқай. Қан талау. Ат сапыру, Қамшы. Қашу. Ел жаяу. Кеңес адыра. Почта жым-жырт. Жұрт үрей (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Қара жүз партиялары еврейлерді шабу керек, шаңырағын ортасына түсіру керек деп халықты құтыртып тұр (М.Дулатов, Шығ.).