ШАБУЫЛДА

lat: SHABÝYLDA

ет. 1. Үсті-үстіне шабуылға шығу, тынбастан соғыс салу.

Жау дамыл таппай үсті-үстіне шабуылдайды (Б.Момышұлы, Москва.).

Шабуылдаған, дүрліккен, қуған, қашқан әскерлер (Т.Әлімқұлов, Кертолғау).

Мыңбайлардың күту бағып отырған қаладан шабуылдаған адамдар көрініп, бірнеше шанаға тиелген кісілер келіп түсті (Ж.Аймауытов, Шығ.).

2. Жан-жаққа суыт шапқылау.

Қасындағылар аттарының ауыздығымен алысып, шабуылдап келеді (Ж.Орманбаев, Қос басшы).

Бірер жұмысты орындау керек болса, осы үшеуінің шабуылдап жүргенін көресің (Б.Майлин, Шығ.).