ШАБУЫЛШЫ

lat: SHABÝYLSHY

зат. 1. Жау шебіне шабуыл жасаушы.

Жау жағы да, шабуылшы совет жауынгерлері де пулеметтерден оқ боратып жатыр (Ғ.Сыланов, Замана.).

Шабуылшылар бүгін үш траншеяның бірінен соң бірін алды (К.Қазыбаев, Дәуір.).

Мұнда да бірен-саран жау оққа ұшады, бірақ шабуылшы жақтың тастап кететіндері көбіректеу (I.Есенберлин, Қаһар).

2. спорт. Шабуыл жасайтын ойыншы.

Гол, г-о-л! Қайда? Шабуылшыларында береке жоқ («Қаз. әдеб.»).

Ойынның 82 минутында алматылықтардың жас шабуылшысы О.Долматов есепті 3:0-ге жеткізді («Лен. жас»).

Ойынның  басында шабуылшы Мациола есеп ашты (С.Бердіқұлов, Жұмыр жер.).