ШАДЫР

lat: SHADYR

сын. Күйгелек, тез ашуланшақ, мінезі шайпау, шәлкес.

Мінезі шадыр, тез ашуланғыш молданың көңілін Ербол ренжіткісі келген жоқ (М.Әуезов, Абай.).

Мінезі шадыр да ұшқары жігіт (3.Шашкин, Сенім).

Найзағай сияқты шарт-шұрт еткен шадыр мінезі болғанмен, зәрі жоқ, қайтымы тез болатын-ды (Ө.Тұрманжанов, Адам.).