ШАДЫРА

lat: SHADYRA

зат. Жұқа матадан тігілген, көбінесе шығыс әйелдері киетін жамылғы.

Басқа ауылдық жерлерде барлық әйелдер шадыраға оранып алады (С.Қашағанов, Ыстық жаға.).

Аралап шықты түгел Хадраны,

Көп көрді паранжаны, шадыраны.

Апырай, әйел сорлы тастамайды,

Осы бір салпылдаған адыраны (Қ.Тоғызақов, Өлеңд.).

Онда саған әдемі шадыра да, әсем көйлек те бәрі де болады (Б.Бекбергенов, Ер бақыты.).