ШАХМАТ

lat: SHAHMAT

(парс. шаһ тақсыр және араб. мат өлді) зат. спорт. Ақ және қара фигуралармен тақта бетіндегі алпыс төрт тор көзде езіне тән ережелері бойынша ойналатын ойын.

Бірсыпыра жұмысшы шахмат ойнауға кірісіпті (Б.Майлин, Шығ.).

Арменияда барлық адам шахмат ойнайтын бір село бар екен (I.Омаров, Серпін).

Шахмат тақтасы ақ және қара түске боялған көлемі бірдей 64 шаршыға бөлінеді (ҚҰЭ).

Шахмат ойыны 5 ғасырда Үндістанда пайда болып, алғашында чатуранга деп аталған (ҚҰЭ).