lat: SHAI
зат. 1. Мәңгі көгеріп тұратын ауылшаруашылық дақылына айналған мәдени өсімдіктің кептірілген жапырағы.
Онда жаза немене: малын сойды, қымыз ішті, шай менен етке тойды (Шәкәрім, өлеңд.).
Шайды алдына жаңа қойып, «бісмілдәні» келтіргені сол еді (Ж.Аймауытов, Қартқожа).
Балқия шайыңды даярла (М.Дулатов, Шығ.).
2. Шөл қандыру үшін ішетін, шайдан дайындалған сусын.
Алдына әкеп қатар қой,
Қай сүгенін таңдасын.
Шай, қымызға әбден той,
Көңілде іңкәр қалмасын (М.Жұмабаев, Шығ.).
Қазақта кәдімгі шайды «тоқ адамның тоқтығын, аш адамның аштығын басу үшін шығарылған дәм» дейді (С.Сұбханбердин, Дәрі – дауа.).
Абай бірер шыны шай ішті де, тоқтап қалды (М. Әуезов, Абай.).